Accessibility links

Сарыбай Қалмырзаев "инсульт алды"


Қазақстан президентінің іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев миына қан құйылып, инсульт алды. Ол туралы өзінің ақпарат көзін сілтеген ҚазТАГ агенттігі хабарлайды.

Ақпарат көзі С.Қалмырзаевтың ауыр инсультке ұшырағанын және ұзақ уақыт емделу қажеттігін айтқан.

ҚазТАГ-тің ақпарат көзі оқиғаның нақты қашан болғанын білмейді. «Шамамен демалыс күндері болса керек», - дейді ақпарат көзі.

Ол сонымен қатар Сарыбай Қалмырзаевтың қайда және қандай емханада жатқанын да айтпаған.

Президент іс басқарушысының көмекшісі – Болат Сұлтанов Қалмырзаевтың шетелде емделіп жатқаны туралы хабарды теріске шығарды. Б.Сұлтанов "Қалмырзаевтың дені-басы сау. Ол шетелде емес, Қазақстанда жүр. Бірақ қазір ол жұмысында жоқ," - деп мәлімдеген.

Қазақстанда осымен екінші жоғары лауазымды шенеунек ауыр дертке ұшырап отыр.

Азаттық радиосы хабарлағандай, денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев қаржы полициясына жауап алуға шақырылғаннан кейін ауыр инфаркт алып, ауруханаға түскен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG