Accessibility links

Ресейлік кәсіпкерді АҚШ-қа беруге жол ашылды


Таиландта қылмыстық сот ресейлік кәсіпкер Виктор Бутқа тағылған «арам ақшаны тазартты» және «алаяқтық жасады» деген айыптарының негіздемесі жеткіліксіз деп тапты. Осылайша ресейлік кәсіпкерді оны терроизмге қатысы бар деп айыптаған АҚШ-қа берудің соңғы кедергісі жойылды.

20 тамыз күні Тайландтың аппеляциялық соты В.Бутты АҚШ-қа жөнелту туралы үкім шығарған болатын. Бірақ оған жаңа айыптар тағылып, жаңа тергеу үшін ресейлік кәсіпкерді АҚШ-қа беру шарасы кейінге ысырылды.

АҚШ үкіметі Виктор Бутты экстремистік топтар мен диктаторлық биліктерге, Оңтүстік Америка мен Африкадағы, Таяу Шығыстағы жанжалдарға қатысушы жақтарға заңсыз қару-жарақ сатты деп айыптайды.

Егер АҚШ-та кінәсі дәлелденсе, оған бүкіл ғұмырын түрмеде өткізу қаупі төніп тұр.

Ресейдің сыртқы істер министрі "Виктор Бут кінәсіз" деп мәлімдеп, оның АҚШ-қа жөнелтілуінде саясат бар деп есептейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG