Accessibility links

Қазақ үкіметі «Қазақмыс» акцияларын сатып алды


«Қазақмыс» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Владимир Ким компанияның 58,8 миллиондай қарапайым акциясын немесе барлық акциясының 11 пайызын мемлекеттік «Самұрық-Қазына» қорына сатты. Ол туралы корпорацияның баспасөз-қызметі хабарлайды.

Сауда Қазақстанның қор биржасында болып, бір акцияның бағасы 3 мың 363 теңгені құраған.

Ресми хабарға қарағанда, Қазақ үкіметі «Қазақмыс» акцияларының 11 пайызын 1 миллиард 342 миллион доллардан асатын сомаға сатып алып отыр.

Қазір Владимир Кимнің мыс корпорациясындағы үлесі 27,9 пайыз болып қалса, қазақ үкіметінің үлесі 26 пайызға дейін ұлғайды, оның ішінде қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне жататын 15 пайыз акциялар бар.
XS
SM
MD
LG