Accessibility links

Сербияда полицейлер де наразылық ереуіліне шығады


Белградта сейсенбі күні полицейлер айлық жалақыларын көтеруді талап етіп көшеге шықты.

Сербия үкіметінің ғимараты алдында өткен митингіге бір мыңға жуық полиция қызметкері қатысты. Соған байланысты қаладағы автокөлік қозғалысына шектеу қойылды.

Полиция кәсіподағының басшысы Велько Мияйлович наразылық ереуіліне демалыста болған полицейлер ғана шықты деп мәлімдеді.

Полицейлер айлық жалақыларын көтеруден басқа, өздеріне қосымша әлеуметтік жеңілдіктер беруліін талап етеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG