Accessibility links

АҚШ пен Қытай министрлері Ханойда кездеседі


Қытай баспасөзінің хабарлауынша, АҚШ пен Қытайдың қорғаныс министрлері Роберт Гейтс пен генерал Лян Гуанле алдағы аптада Вьетнам астанасы – Ханойда кездесуге тиіс.

Екі елдің қорғаныс министрлері қауіпсіздік мәселесіне арналған конференция кезінде жүздеседі.

Бұған дейін ресми Бейжің Вашингтонмен арадағы әскери байланысын тоқтатқан болатын.

Оған АҚШ президентінің әкімшілігінен Тайванға 6,4 миллиард доллардың қару-жарағын сату туралы келісім-шартқа келуі мүмкін екенін хабарлануы себеп болды.
XS
SM
MD
LG