Accessibility links

Брюссель Венгриядағы апатқа алаңдайды


Еуропа Одағы Венгриядағы экологиялық апаттың өзге елдерге қатер төндіруіне алаңдап отыр.

Венгрияның батысындағы глинозем зауытында төгілген орасан мол улы сұйықтан Дунай өзенінің суы ластануы мүмкін деген үрей туды.

Дүйсенбі күні Венгрияның Айка қаласындағы зауыттың істен шыққан резервуарынан 1 миллион текше метрге жуық улы зат – алюминий рудасын өңдеуден қалған қалдық төгілді.

Апаттан 4 адам қаза болып, 6 кісі хабарсыз жоғалды және тағы 120 адам жарақаттар мен күйік алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG