Accessibility links

Шведова мен Кинг "China open - 2010" сайысының ширек финалына шықты


Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова мен америкалық Вания Кинг Бейжіңдегі турнирдің екінші кезеңіне өтті.

Сәрсенбі күні төртінші жұп жапондық Кимико Датэ-Крумм мен қытайлық теннисші Пэн Шуайды басымдықпен жеңді. Есеп - 6:4, 6:3.

Бүгін Шведова мен Кинг ресейлік спортшылар Мария Кириленко, Надежда Петровалармен кездеседі.
XS
SM
MD
LG