Accessibility links

Венгрия улы қалдықтардың Дунайға құйылуынан қауіптеніп отыр


Венгрия билігі апат салдарынан төгілген улы заттардың Дунайға құйылып кетпеуі үшін қодан келгеннің барлығын жасауы қажет. Бұл туралы Еуропалық Одақтың қоршаған орта жөніндегі комиссары Янез Поточник мәлімдеді.

Батыс Еуропаның басты өзен арнасы болып табылатын Дунайға улы заттар құйылатын болса, бірден бірнеше көрші мемлекеттерге экологиялық апат қауіпі төніп тұр. Хорватия, Сербия, Болгария, Румыния, Молдавия және Украина осындай қауіп аймағында тұр.

Елдің қоршаған ортаны қорғау министрі Золтан Иллестің сөзінше, төгілген бірнеше тонна улы қалдықтарды жою үшін бір жыл уақыт қажет. Қазір миллионға жуық текше метрге жайылған улы зат жеті елді-мекенді басып қалған.

Қазанның 4-і күні Колонтор қаласы маңындағы глинозем өндіретін зауытта өңделген алюминийдің қалдығы сақталатын қойма бұзылған. Апаттан төрт адам қаза болып, жүзден аса адамды күйік шалған.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG