Accessibility links

Эквадорда бүлік шығарған 46 полицей тұтқындалды


Эквадорда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған деген күдікпен 46 полицей тұтқындалды.

France Presse агенттігінің хабарлауынша, ел президенті Рафаэль Корреа Эквадорда билікті басып алудың тағы бір әрекетінің алды алынғандығын жоққа шығармайды. Ақпаратқа қарағанда, полицейлер сейсенбі күні кешке тұтқындалған. Дегенмен ол туралы тек бүгін ғана белгілі болып отыр.

Қыркүйектің 30-ы күні Эквадордың бірқатар қалаларында, оның ішінде ел астанасы Китода полицейлер бірқатар маңызды нысандарды басып алған. Бүлік кезінде 10 адам қаза болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG