Accessibility links

Тәжікстан: тікұшақ апатынан кемінде 28 адам қаза тапты


Сәрсенбі күні Тәжікстанның Рашт ауданындағы тікұшақ апатынан, қазіргі мәлімет бойынша, Ұлттық ұлан қолбасшысының екі орынбасары қаза тапты.

Бұл туралы қауіпсіздік күштеріндегі ақпарат көзінен хабарланды. Апаттан кемінде 28 кісі құрбан болды.

Дәл осы күні-ақ Тәжікстанның шығысында әскери автокөлік минаға жарылып, 6 әскери қызметкер мерт болды.

Соңғы екі аптада республиканың Рашт ауданында әскери автокеруенге шабуыл жасап, 26 кісіні қырған қарулы топқа қарсы ірі соғыс операциясы жалғасып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG