Accessibility links

Мәскеу соты Әблязовты сырттай қамау туралы шешім шығарды


Мәскеудің Тверь аудандық соты "БТА Банкі" директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязовты сырттай қамауға алу туралы шешім шығарды. Бейсенбі, қазанның 7-сі күні өткен сот Әблязовты төрт миллиард долларды қолды қылып, алаяқтық жасады деп айыптады. Бұл туралы ресейлік ақпарат құралдары хабарлап отыр.

Мұхтар Әблязовке халықаралық іздеу жарияланды.Ресейдің ішкі істер министрлігі тергеу комитетінің тергеушісі Олег Уржумцев, Әблязов тергеуге келмейтіндіктен соттан экс-банкирді сырттай қамауға алу туралы сұрады. Прокуратура да бұл өтінішті құптады.

Әблязовтың қорғаушысы Георгий Поспеловтың сөзінше, бүгінде Лондонда тұрып жатқан Әблязов тергеу ісіне көмектесуге дайын. Дегенмен, британ сотының шешімімен ол Лондоннан кете алмайды, сондықтан Ресейге де бара алмайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG