Accessibility links

АҚШ қаржысы ауғандық талибтердің қолына тиіп отырған


АҚШ-тың Ауғанстандағы жекелеген күзет агенттіктерінің қызметі үшін жұмсалатын қаржысы кей-кезде талибтер мен оның жақтастарының қолына тиіп келген. Бұл туралы АҚШ Сенатының қарулы күштер жөніндегі есебінде айтылған. Есеп осыған сәйкес арнайы тексеру жүргізілгеннен кейін жарияланып отыр.

Баяндамада бұл олқылықтарға қажетті деңгейде бақылау жүргізбеген қорғаныс министрлігіндегі шенеуніктер жауапты екендігі айтылған.

Биылғы тамыз айында Ауғанстан президенті Хамид Карзай төрт айдың ішінде елдегі шетелдік күзет агенттіктерінің барлығын жабуды тапсырған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG