Accessibility links

Нобельдің Бейбітшілік сыйлығын қытайлық диссидент алды


Қазанның 8-і Ослода 2010 жылғы Нобельдің Бейбітшілік сыйлығына қытайлық диссидент әрі құқыққорғаушы Лю Сяобо лайық деп танылғаны белгілі болды.

54 жастағы Сяобо өткен жылдың желтоқсан айында 11 жылға бас бостандығынан айырылып, түрмеге отырғызылған еді. Қытай оны билікке қарсы әрекет етті деп айыптады.

Нобель сыйлығын салтанатты табыс ету шарасы Альфред Нобельдің қайтыс болған күні – желтоқсанның 10-ы өтеді.

Нобельдің Бейбітшілік сыйлығының 2010 жылғы сыйақысы 10 миллион швед кронын құрайды. Бұл шамамен 1 миллион евроға тең.
XS
SM
MD
LG