Accessibility links

Араб елдері АҚШ-тың Таяу Шығыс келіссөздерін құтқаруға уақыты бар дейді


Тығырыққа тірелген Израил-Палестин бейбіт келіссөздерін қалайда бір шешімге келтіріп құтқару үшін Американың бір айдай ғана уақыты бар деп мәлімдеді Араб елдері лигасының арнайы комитеті.

Аталған комитеттің жұма күні қабылданған қарарында егер Израил Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы еврей қоныстарының құрылысын тоқтатпаса, келіссөздерді жалғастырудың мүмкін еместігі атап көрсетілген.

Израил әскерлері жұма күні Батыс жағалауда Хамас тобының екі жаугерін өлтіргенде, қолбасшылық бұл 31 тамызда Хеврон қаласының маңында төрт израилдықтың өліміне қатыстылар турасында болып отыр деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG