Accessibility links

Қытай Лю Сяобоға Нобель сыйлығының берілгеніне наразы


Қытай билігі қытайлық диссидент Лю Сяобоның 2010 жылғы бейбітшілік Нобель сыйлығымен марапатталуына наразылық танытып, жұма күні Бейжіңдегі Норвегия елшісін Сыртқы істер министрлігіне шақырды.

Лю кәдімгі қылмыскер деп санайтын Бейжің Нобель комитетінің оны бейбітшілік сыйлығына лайық деп табуы Қытай мен Норвегияның қарым-қатынастарына көлеңке түсіреді деп мәлімдеген.

АҚШ президенті Барак Обама Қытай билігін Люді мүмкіндігінше тезірек түрмеден босатуға шақырған-ды. Обаманың әкімшілігі таратқан мәлімдемеде Қытайдағы саяси реформалар мен адам құқтары жағдайының бұл елдегі экономикалық реформадан кейін қалып келе жатқаны айтылған.

Лю Сяобо Қытай билігін демократиялық реформалар жасап, адам құқтарын сақтауға шақырамын деп, өткен жылы 11 жылға бостандығынан айрылған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG