Accessibility links

Пәкістанда НАТО жүк көліктеріне қарсы тағы шабуыл жасалды


Елдің оңтүстік-батысында Ауғанстандағы НАТО әскерлеріне жанар-жағар май апара жатқан көліктерге шабуыл жасалып, жаугерлер 30-дай автоцистернаны өртеп жіберген.Бұл туралы жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасай отырып, Рейтер агенттігі хабарлады. Кемінде бір адам жарақат алған.

Франс-пресс агенттігі бұл НАТО-ның жүк керуендеріне қарсы алтыншы шабуыл деп хабарлады. Шабуылдар 30 қыркүйекте НАТО тікұшақтарының әуе соққысынан үш пәкістандық әскери мерт болған соң үдеп кетті.

Өткен аптада Пәткістан Ауғанстандағы халықаралық күштерге жүк жеткізетін шекара жолын жауып тастаған болатын. Дегенмен де екінші жол ашық.
XS
SM
MD
LG