Accessibility links

АҚШ Қытай мен Түркияның бірлескен жаттығу өткізгенін растады


Түркия территориясында Қытай мен Түркия әуе күштерінің бірлескен жаттығулары өткенін АҚШ растап отыр. НАТО-ға мүше ел мен Қытай қатысқан мұндай әскери жаттығу бірінші рет өткізілген.

АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілі Тамара Паркер Анкара АҚШ пен НАТО-ның құпия әскери технологияларын қорғаудың барлық шаралары жасалды деп сендірді дейді. Америка сонымен қатар АҚШ-та шығарылған Ф-16 реактивті ұшақтары әскери жаттығуларға қатыстырылмаған болар деген үмітте дейді Паркер.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG