Accessibility links

Пәкістан НАТО-ға жүк апаратын шекара жолын ашты


Кеден қызметкерлері бүгін Пәкістанның Ауғанстанда орналасқан НАТО күштеріне қажетті жабдық пен азық-түлікті таситын негізгі жол бекетін ашқандығын хабарлады. Олардың айтуынша, алғашқы жүк керуені Ауғанстан бағытына бет алған.

Қазір Пәкістан шекараны жапқаннан бері қаңтарылып тұрып қалған жүк көліктері дайындықтан өткізіліп жатыр.

30 қыркүйекте АҚШ тікұшақтарының әуе соққысынан әскерилері қаза тапқан соң Пәкістан шекара жолын жауып тастаған болатын.
XS
SM
MD
LG