Accessibility links

НАТО керуеніне шабуыл жауапкершілігін Талибан алды


Пәкістандық тәліптер НАТО-ның Ауғанстанға бара жатқан жүк көліктеріне шабуылдағандарын мойындарына алып, егер АҚШ шекара аймағында пилотсыз басқарылатын тікұшақтарымен әуе соққыларын тоқтатпаса, бұл әрекеттерін жалғастыра беретіндіктерін мәлімдеді.

Пәкістанның билік өкілдері өткен айда АҚШ тікұшақтарының мұндай 26 шабуылы болғанын айтады.

Сенбі күні Ауғанстанның Сиби ауданында НАТО-ның 30 автоцистернасы өртелсе, өткен аптада 100-дей жүк көлігі жоғалып кетті.
XS
SM
MD
LG