Accessibility links

Иран тыңшылық әрекеттердің болғандығын растады


Иран билігі кейбір ядролық нысандарында «шпиондық жасау әрекеттерінің» болғандығын растап отыр. Ядролық нысандарда жұмыс істейтін кейбір қызметкерлер мемлекеттік құпияларды Батысқа ақша үшін сатуға келіскен деп хабарлайды «Фарс» агенттігі вице-президент Али Акбар Салихқа сілтеме жасай отырып.

Бұл аралықта Иран сыртқы істер министрі Манучер Мотакки Теһран әлемдік алты держава- Ұлыбритания, Қытай, АҚШ, Франция, Ресей және Германиямен Иранның ядролық қуатын дамыту бағытындағы келіссөздерді қайта жаңғыртуға әзір деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG