Accessibility links

Ауғанстанда гуманитарлық қызметкер мерт болды


Британияның сыртқы істер министрі Вильям Хейг америкалық әскерлер британдық азаматша Линда Норгроувты құтқару операциясын жүргізіп жатқан кезде оны ұрлап әкеткен жаугерлер өлтірген деп хабарлады.

36 жасар Линда Американың гуманитарлық ұйымында жұмыс істеген, оны тағы үш ауғанстандықпен бірге екі апта бұрын белгісіз біреулер ұрлап алып кеткен еді.

Батыс басылымдары жаугерлер үш ауғанстандықты өткен аптада босатып жіберген деген хабарлар таратты.
XS
SM
MD
LG