Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда жол апатынан үш адам қаза тапты


Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Асықата-Шымкент» автожолында болған жол көлік апатынан үш адам қаза тауып, алты адам ауруханаға жеткізілді. Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына қарағанда, сенбі күні «Форд» шағын автобусы мен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысып қалған. Автобуста 10 жолаушы болған.

«Шымкент-Мақтаарал» бағытында кетіп бара жатқан шағын автобус жол-көлік апатынан кейін өртенген. Өрт 20 минуттан кейін сөндірілген.
XS
SM
MD
LG