Accessibility links

«Сулпактың» негізгі бөлігін ресейлік «Эльдорадо» сатып алды


Ресейлік «Эльдорадо» тұрмыстық техника мен электроника бөлшек сауда желісінің негізін қалаған Игорь Яковлев қазақстандық «Сулпак» желісінің 51% сатып алу опционын жүзеге асырды. Бұл туралы бүгін «КоммерсантЪ» басылымы хабарлады.

Яковлевпен бірге Қазақстан Халық банкі де жергілікті желінің иесі атанып отыр. Ақпаратқа қарағанда, компанияның банкте $20 млн көлемінде мерзімі өтіп кеткен несиесі бар болған, ол компанияның 25%-на алмастырылды.

2009 жылдың қортындысы бойынша «Сулпак» 26 миллион доллар шығынға батқан. Игорь Яковлевтың есептеуінше, 2010 жылы желі екі миллион доллар көлемінде таза пайда табуы мүмкін.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG