Accessibility links

Лю Сяобо өзіне берілген сыйлықты Тяньаньмень құрбандарына арнады


Қытайлық диссидент Лю Сяобо өзіне берілген Нобель сыйлығын Тяньаньмень құрбандарына арнады. Бұл туралы түрмеде отырған Люмен кездескен оның әйелі - Лю Ся хабарлады.1989 жылы Бейжіңнің Тяньаньмень алаңындағы наразылық акциясы кезінде полициямен қақтығыс болған еді.

Соңғы ақпаратқа қарағанда, күйеуімен кездесуден кейін Лю Ся үйқамаққа алынған. Қазір оның үйін полиция қызметкерелері күзетке алған.

Лю Сяобо өткен жылы билікке қарсы әрекет етті деген айыппен 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
XS
SM
MD
LG