Accessibility links

Қазақстанда полиомиелиттің әкелінген түрі тіркелді


Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын 7 жасар балада полиомиелиттің әкелінген түрі тіркелді. Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынсы бойынша үстіміздегі жылы қазанның 12-сінен бастап 14-іне дейінгі кезеңде Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстанмен шекаралас аудандарында 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға полиомиелитке қарсы вакцинация жүргізу жоспарланып отыр.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі БҰҰ-ның Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) және ДДҰ-мен республиканың шекара бойындағы өңірлерінде - Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында туылғанынан бастап 15 жасқа дейінгі балаларды иммундау үшін полиомиелит вакцинасының қосымша көлемін бөлу туралы келісімге қол қойды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Тәжікстанда - 458, Ресейде 12 оқиға тіркелді.
XS
SM
MD
LG