Accessibility links

Тәжікстанда оппозициялық интернет сайттар ашылмайды


Тәжікстанда бірқатар оппозициялық интернет сайттар ашылмайды. Бұл туралы елдегі ірі провайдер болып табылатын "Таджиктелеком" ИТАР-ТАСС агенттігіне хабарлаған.

Бүгіннен бастап ел аумағында "Фергана.ру" және "Центразия.ру" сайттары ашылмай тұр. Бұған дейін "Авеста" сайты да жабылып қалған болатын.

Өткен аптада Тәжікстанның негізгі полиграфиялық кешені бірқатар тәуелсіз газеттерді басып шығарудан бас тартты.

Сарапшылардың пікірінше, билік осылайша елдің шығысында бір айға жуық уақыт жүріп жатқан терроризмге қарсы шара жөніндегі ақпаратты жасырып қалуды көздеп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG