Accessibility links

Германия президенті Мәскеуге сапарға барады


Германия президенті Кристиан Вульф дүйсенбі күні сапармен Ресейге келіп, екі жақты экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.

Сейсенбі күні Кристиан Вульф Мәскеуде Ресей президенті Дмитрий Медведевпен және премьер-министр Владимир Путинмен кездесуге тиіс.

Неміс президенті Ресейдің Тверь, С.-Петербор және Ульяновск қалаларына баруды жоспарлаған көрінеді.

Кристиан Вульфтің сапары 15 қазаға дейін жалғасады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG