Accessibility links

ЕО Венгриядағы апаттың салдарымен күреседі


Еуропа Одағының сарапшылары Венгрияның батысындағы глинозем зауытының зақым келген қоймасынан төгілген улы қалдықтардың салдарын жоюға кірісті.

ЕуроОдақ сарапшыларының тобы улы қалдықтар төгіліп жайылған аумақты қалпына келтірумен және улы заттан тағы қандай қатер төнуін анықтаумен шұғылданады. Басты мақсат, Венгрия үкіметінің пікірінше, істен шыққан қоймадан тағы төгілуі мүмкін удың шығынын мейлінше азайту болып отыр.

Улы қалдықтардың әрі қарай жайылуына жол бермеу үшін апат болған жерде бөгет салына бастады.

Улы қалдықтардың төгілуінен 7 адам қаза болып, 150-дей кісі жарақаттар алды. Апат 4 қазан күні болды.
XS
SM
MD
LG