Accessibility links

Арни Шварценеггер Мәскеуде қонақтап жүр


Ресей президенті Дмитрий Медведев дүйсенбі күні өзінің Мәскеу іргесіндегі кеңсесінде Калифорния штатының басшысы Арнольд Шварценеггерді қабылдады.

Өзара әңгімеден кейін Медведев Ресейдің инновациялық орталығы құрылып жатқан Сколково мекеніне алып барды. Ресей президенті қонағын «Чайка» автокөлігіне отырғызып, көлікті өзі жүргізді.

Голливудтың бұрынғы жұлдызы, қазір Калифорния штатының басшысы Мәскеуге жетекші компаниялар мен Кремний жазығының венчур қорларының делегациясын бастап жексенбі күні ұшып келді.

Жексенбі күні Мәскеу метросын көруге келгенінде Голливуд жұлдызы қолайсыз жағдайға тап болыпты.

Дмитрий Медведев Шварценеггерді маусым айындағы АҚШ-қа сапары кезінде Мәскеуге шақырған көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG