Accessibility links

Нобель сыйлығын АҚШ пен Ұлыбританияның экономистері алды


Экономика бойынша 2010 жылғы Нобель сыйлығы Американың екі және Ұлыбританияның бір экономисіне беріледі.

Массачусетс университетінің 70 жастағы профессоры Питер Даймонд пен Иллинойс штатындағы Солтүстік-батыс университетінің 71 жастағы профессоры Дэйл Мортенсен және Лондонның экономика мектебінің 62 профессоры Кристофер Писсаридис Нобель сыйлығының лауреаттары болды.

Нобель комитеті мәлімдегендей, сыйлық үш экономистің «нарық ерекшеліктерін» саралаған еңбектері, мысалға – еңбек нарығында жұмыссыздардың да, бос жұмыс орындарының да болуы құбылысын саралауы үшін берілді.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG