Accessibility links

Линда Норгроувты АҚШ әскерлері өлтіріп алуы мүмкін


Ұлыбританияның азаматшасы Линда Норгроув өткен аптада АҚШ әскері оны босату операциясының кезінде кездейсоқ өлтіріп алуы мүмкін. Ағылшын премьер-министрі Дэвид Кэмерон дүйсенбі күні осылай деп мәлімдеді.

Алдыңғы хабар бойынша, Норгроув өзін ұрлап алып кеткен қаскүнемдердің қолынан мерт болды.

Кэмеронның айтуынша, осы оқиғаға байланысты АҚШ пен Англия үкіметтері тергеу жүргізеді.

АҚШ-тың қайырымдылық ұйымында жұмыс істеген 36 жастағы Линда Норгроув 3 ауған азаматымен бірге 26 қыркүйекте ұрлаған болатын.

Кісі ұрлау Ауғанстанның шығысындағы Пәкістан шекарасына жақын ауданда болды.
XS
SM
MD
LG