Accessibility links

Иран екі шетелдік азаматты тұтқынға алғандығын мәлімдеді


Иран билігі өздерін журналистпіз деп таныстырған екі шетелдік азаматты тұтқынға алғандығын мәлімдеді. Олар Иранға тас ату арқылы өлім жазасына кесілген Сакинех Аштианидің ісін зерттеуге келген көрінеді.

Иран әділет министрлігінің өкілі Голам Хоссейн Мохсени Эдженидің сөзінше, шетелдіктер Аштианидің ұлынан сұхбат алып жатқан кезде ұсталған.

Ақпаратқа қарағанда, тұтқынға алынғандар Иранға туристік визамен келген Германия азаматтары болып табылады.
XS
SM
MD
LG