Accessibility links

Украинада жол апатынан 37 адам опат болды


Украинада автобус пен поездың қақтығысынан кем дегенде 37 адам қаза болып, 12 кісі зардап шекті.

Қақтығыс сейсенбі күні Днепропетровск облысындағы күзетілмейтін теміржол өткелінде болды.

Приднепровск теміржолының баспасөз-қызметі хабарлағандай, тергеудің мәліметі бойынша, теміржол өткеліндегі бағдаршам жұмыс істеп тұрған.

Тергеу қақтығыстың себептерін анықтап жатыр.
XS
SM
MD
LG