Accessibility links

Украинада 3 теңізшіні іздестіру жалғасты


Украинада құтқарушылар дүйсенбіге қараған түні Қара теңізде су түбіне кеткен жүк кемесінің үш теңізшісін іздестіруді қайта жалғастырды.

Оның алдында Керчь түбегінің жағалауынан бір теңізшінің мәйіті табылды. Жүк кемесінде 13 теңізші – Ресей мен Украина азаматтары болған. Тоғызы құтқарылды.

Монғолияның туын көтерген кеме темір кесінділерін тасып келген. Оның апатқа ұшыраған себептерін тергеу анықтауға тиіс.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG