Accessibility links

Польшада жол апатынан 17 адам опат болды


Польшада микроавтобус пен жүк автокөлігінің қақтығысынан 17 адам опат болды. Кемінде 1 кісі ауыр жараланды.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, жол апаты сейсенбі күні таңертең Варшавадан оңтүстікке қарай 80 шақырым жерде болды.

Полиция апаттың себеп-салдарын тергеу үстінде.

Бір мәлімет бойынша, көлік жүргізушілердің бірі қою тұманға қарамастан көлігін үлкен жылдамдықпен айдаған көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG