Accessibility links

Қалмырзаев дені-қарны сау екенін мәлімдеді


Сарыбай Қалмырзаев өзінің дені-қарны сау және президент Нұрсұлтан Назарбаевтың командасында жүргенін мәлімдеді.

Сейсенбі күні президент істерін басқарушы Қалмырзаев Алматы маңындағы «Алматы» сауықтыру орталығының ашылуына қатысып, журналистердің сауалына осылай деп жауап берді.

Қазанның 6-сы күні ҚазТАГ агенттігі қазақ президентініңең жақын әрі адал үзеңгілестерінің бірі саналатын Сарыбай Қалмырзаевтың миына қан құйылып инсульт алғанын хабарлаған болатын.

ҚазТАГ-тың ақпарат көзі «Қалмырзаев Еуропа елдерінің бірінде, атап айтқанда Германияда болуы мүмкін» деп мәлімдеді.

Президент істерін басқарушының орынбасары Абай Бисембаев Германияда дәрігерге қаралуға кеткен Сарыбай Қалмырзаевтың 12 қазанда жұмысқа шығатынын хабарлады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG