Accessibility links

«Біртұтас Қырғызстан» сайлау нәтижесіне наразы


Қырғызстанда «Біртұтас Қырғызстан» партиясының белсенділері парламент сайлауының нәтижесімен келіспей, Бишкек-Ош автожолын бөгеді.

Азаттық тілшісі хабарлағандай, сайлауда жеңілген «Біртұтас Қырғызстан» партиясы сайлаушылардың дауыстарын қайта есептеуді талап етеді.

Партияның саяси кеңесінің мүшесі мәлімдегендей, партия бүкіл елде мезгілсіз наразылық ереуілін бастауды жоспарлап отыр.

Оның сөзіне қарағанда, «Біртұтас Қырғызстан» партиясы 5 пайыздық межеден өтуге қажетті 145,5 мың дауыс жинады, ал Орталық сайлау комиссиясы межені 149 мың дауысқа дейін қайта көтерді.

Оған наразы болған партия белсенділері елдің оңтүстігіндегі стратегиялық маңызды Бішкек-Ош автомагистралін бөгеді.

Бұл партияның көсемі - парламенттің бұрынғы спикері әрі Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Адахан Мадумаров көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG