Accessibility links

Украина: жол апатынан 40 кісі опат болды


Украинадағы автобус пен пойыздың қақтығысынан қаза тапқандардың саны 40-қа жетті. Бұл туралы украин премьер-министрі Николай Азаров хабарлады.

Құрбандардың саны одан да өсе түсуі мүмкін. Өйткені, жараланған 10 адамның кейбірі ауыр халде жатыр.

Қақтығыс сейсенбі күні Днепропетровск облысындағы күзетілмейтін теміржол өткелінде болды.

Приднепровск теміржолының баспасөз қызметі хабарлағандай, теміржол өткеліндегі бағдаршам жұмыс істеп тұрған.

Бастапқы мәлімет бойынша, қақтығысқа бағдаршамның ескертуін елемей теміржолға шыққан автобустың жүргізушісі кінәлі көрінеді.
XS
SM
MD
LG