Accessibility links

Украинадағы апаттың құрбандары 42-ге жетті


Украинадағы автобус пен поездың қақтығысынан қаза тапқандардың саны 42-ге жетті, оның ішінде 2 сәби бар. Ол туралы Украинаның Төтенше жағдайлар бойынша министрлігі хабарлады.

Құрбандардың саны одан да өсе түсуі мүмкін. Өйткені, зақым алғандардың кейбірі ауыр халде. Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, автобуста 49 адам болған.

Украина үкіметі қаза тапқандардың отбасыларына 12 мың доллардан өтемақы төлеуге нұсқау берді.

Қақтығыс сейсенбі күні Днепропетровск облысындағы күзетілмейтін теміржол өткелінде болды.

Приднепровск теміржолының баспасөз-қызметі хабарлағандай, теміржол өткеліндегі бағдаршам жұмыс істеп тұрған.

Бастапқы мәлімет бойынша, қақтығысқа бағдаршамның ескертуін елемей теміржолға шыққан автобустың жүргізушісі кінәлі көрінеді.

Украина президенті Виктор Янукович сәрсенбі күнін апатқа байланысты қаралы күн деп жариялады.
XS
SM
MD
LG