Accessibility links

Футбол: Қазақстан - Германия 0:3


Астанада Қазақстан құрамасы Германия құрамасынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Бұл - Еуро-2012 чемпионатының іріктеу турнирінің төртінші ойын еді.

Қазақстандықтардың қапасына голды Мирослав Клозе, Марио Гомес, Лукас Подольскилер соқты. Осылайша, төрт ойынның төртеуінде де жеңіске жеткен Германия құрамасы өз іріктеу тобында бірінші келеді. Ал Қазақстан бірде-бір жеңіске жете алмай, турнир кестесінің соңында тұр.

Қазақстан құрамасы «А» тобында өнер көрсетеді. Онда Германия, Бельгия, Түркия, Аустрия, Әзірбайжан командалары бар.

Қазақстан бұған дейін, қыркүйектің 3-і күні - Түркия командасынан (0:3), қыркүйектің 7-сінде - Аустрия командасынан (0:2), ал қазанның 8-інде Бельгияда құрамасынан (0:2) жеңілді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG