Accessibility links

БҰҰ-ның тұрақты емес мүшелері сайланды


Колумбия, Үндістан, Оңтүстік Африка, Германия және Португалия БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері атанды.

Олар жасырын дауыс беру жолымен сайланды.

Сейсенбі күні Колумбия, Үндістан, Оңтүстік Африка және Германия дауыс берудің бірінші турында Бас Ассамблея делегаттарының қажетті дауысын алды. Ал екінші турда Канада өз кандидатурасын алып тастап, Кеңестегі бесінші орын Португалияға бұйырды.

Халықарық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға жауапты БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне 15 мемлекет кіреді. Бұлардың арасында тұрақты бес мүше бар. Олар - Ұлыбритания, Қытай, Франции, Ресей және АҚШ. Тұрақты мүшелер вето құқығына ие.

Қалған 10 тұрақсыз мүше мемлекеттер әр екі жылда бір рет сайланып отырады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG