Accessibility links

Чили: құтқару операциясы басталды


Чилиде 700 метр тереңдікте қалып қойған 33 кеншіні құтқару операциясы басталды.

Қазіргі таңда арнайы бір адамдық капсула 65 метр тереңдікке жетті. Осылайша құтқарушылар оны соңғы рет сынап көрді. Құтқарушылардың сөзінше, бір кеншіні жер астынан алып шығуға шамамен бір сағат уақыт кетеді.

Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатқан жерде кеншілердің туыстары мен бірге Чили президенті Себастьян Пиньера да бар.

Чилидің Копьяпо қаласындағы Сан-Хосе шахтасында кеншілер тамыздың 5-і күні қамалып қалған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG