Accessibility links

Сот Ван Гог ісіне қатысты шешім шығарды


Мысыр мәдениет министрінің орынбасары Мохсен Шалаан 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Дәл осындай жаза Махмуд Халиль мұражайының директорына да тағайындалды.

Сот олардың жұмысқа деген селқостығы Висент Ван Гогтың 50 миллион доллардан аса тұратын "Гүлді ваза" туындысының ұрлануына әкеліп соқты деген шешімге келді. Жоғары лауазымды тұлғалардан өзге тағы тоғыз адам бас бостандығынан айырылды.

Үстіміздегі жылдың тамыз айында мұражайдағы Ван Гог туындысын белгісіз біреулер жақтауынан кесіп алып, ұрлап кеткен. Туынды әлі күнге дейін табылған жоқ.

Мысыр прокуроры Абдел Мегид Махмудтың айтуынша, ұрлық жасалып жатқанда мұражайда ешбір дабылы істемеген. 43 қауіпсіздік камерасының тек жетеуі ғана жұмыс істеп тұрған.

Ван Гогтың туындылары осымен екінші рет дәл осы мұражайдан ұрланып отыр. 1978 жылы ұрланған сурет кейін Кувейттен табылған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG