Accessibility links

Чилиде жер асты қамауынан алғашқы 5 кенші құтқарылды


Чилиде шахтаның опырылуы салдарынан жер астында 2 айдан ұзақ уақыт қамалып қалған 33 кеншінің алғашқы бесеуі құтқарылды.

Оларды 600 метрден терең шахтаға түсетін арнайы капсула арқылы көтеріп шығарып жатыр. Мамандардың есептеуінше, құтқару шарасы бір күн жалғасады.

Шахтаға құтқарылған кеншілерді құттықтау үшін Чили президенті Себастьян Пиньера келді.

Шахтадағы 5 тамызда болған апаттың салдарынан жер астында қамалып қалған кеншілер адам айтқысыз жағдайда өмір сүрудің рекордын жаңғыртты.

Алғашқы 17 күн бойы кеншілер қаза болды деп есептелген еді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG