Accessibility links

Хиллари Клинтон Косовода келіссөз өткізеді


АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Балкан елдеріне 3 күндік сапарының бағдарламасына сәйкес, сәрсенбі күні Косовоға барады.

Приштина қаласында Клинтон ханым Косово президенті Якуп Красничимен және басқа да ресми тұлғалармен жүздеседі.
Сейсенбі күні Сербия астанасы - Белградта мемлекеттік хатшы серб президенті Борис Тадичпен келіссөз өткізді.

Б.Тадич ресми Белградтың Косов тәуелсіздігін ешқашан мойындамайтынын тағы да шегелеп айтып, бірақ Приштинамен келіссөзге дереу кірісуге әзір екенін мәлімдеді.

Х.Клинтон тұрмыстық мәселелер бойынша ғана серб-албан келіссөзін жүргізудің қажеттігін қолдады. Өйткені, Клинтонның пікірінше, ол мәселер Косовоның барлық азаматының өмірін жеңілдетеді.
XS
SM
MD
LG