Accessibility links

Ауғанстандағы ұшақ апатынан 8 кісі мерт болды


Ауғанстанда апатқа ұшыраған жүк ұшағында, соңғы мәлімет бойынша, 8 адам болған. Бастапқы хабарға қарағанда, барлығы да мерт болды.

Жүк ұшағы сейсенбі күні кешкісін Кабулдың маңайына құлады.

Кабул әуежайының директоры Якуб Расоли хабарлағандай, Кабулдағы әскери базаның бірінен көтерілген ұшаққа халықаралық күштерге арналған жүк тиелген көрінеді.

Апат себептері анықталып жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG