Accessibility links

Украина: 43 адамның қазасы бойынша қаралы күн


Украинаның Днепропетровск облысындағы теміржол апатынан зардап шеккендердің кейбірі ауыр халде қалды.

Украинаның Төтенше жағдайлар бойынша министрлігі хабарлағандай, олар Днепропетровскі мен Марганец қалаларының ауруханаларында жатыр.

Осы апаттың құрбандары бойынша сәрсенбі - Украинада қаралы күн болып жарияланды. Автобус пен поездың қақтығысынан 43 адам қаза тапты. Қазір 9 адам ауруханада жатыр.

Қақтығыс сейсенбі күні таңертең Днепропетровск облысындағы күзетілмейтін теміржол өткелінде болды.

Қаза тапқандардың көпшілігін бейсенбі күні Городище кентінде жерлейді.
XS
SM
MD
LG