Accessibility links

Дубай қонақ үйінде босанған қазақ әйелі сыйлық алды


Дубайдың қонақ үйлерінің бірінде босанған қазақ әйеліне сыйлық ретінде оның жаңа туған ұлына осы қонақ үйде өмір бақи тұру құқы берілді. Ол туралы Gulf News газеті мен «Русские эмираты» порталын сілтеген «Новости-Казахстан» агенттігі хабарлайды.

Gulf News газетіне берген сұхбатында қонақ үйдің қызметкері Рэм Чандра Шарма: «Осы күні Қазақстаннан келген келіншек толғата бастағанын сезіп, перзентханаға бару үшін 17 қабаттағы нөмірінен төмен түсті. Кенет мен оның фойедегі софаға сүйеніп тұрғанын байқап, мен жүгіріп келіп: «көмек керек пе? – деп сұрағанымда, келіншек менен екі орамал сұрады. Мен оған орамал мен төсеніш және жастық әкеп үлгердім. Қас пен көздің арасында дүниеге сәби келді», - деп мәлімдеген.

Қазір жаңа туған сәби мен анасы Дубайдағы перзентханаға жеткізіліпті.

Осы жайтқа таң болған және оны жақсы ырымға жорыған қонақ үй иесі Мухаммед Аршад Шах сәбидің анасына жаңа туған ұлына Дубайға келген сайын қонақ үйде тегін тұру мүмкіндігін беруге уәде етіпті.

Оған қоса сәбидің анасы тоқтаған нөмір сәбидің есімімен аталмақшы.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG