Accessibility links

Қарағанды облысында көлік апатынан 11 адам қаза тапты


Соңғы ақпаратқа қарағанда, Қарағанды облысы Шет ауданында «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 927-ші шақырымында болған көлік апатынан 11 адам қаза тапқан. 7 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оқиға сәрсенбі күні кешке болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің бейсенбі күні таратқан ақпараты бойынша, «Мерседес» және «Сетра» жолаушылар автобустары мен екі КамАЗ жүк көлігі көлік апатына ұшыраған. Соғысып қалған екі автобус пен бір жүк көлігі өртенген.

Полиция ақпараты бойынша, автобустардың бірінде 10-нан астам, екіншісінде жиырмадан астам жолаушы болған.

Алдын ала болжам бойынша, жол апатына жолдың қарсы бетіне шығып кеткен «Мерседес» автобусының жүргізушісі кінәлі болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG