Accessibility links

Қарашадан бастап мемлекеттік қызметкерлер қысқартылады


Қазақстанда 1-ші қарашадан бастап мемлекеттік қызметкерлер қысқартыла бастайды. Дегенмен, оның алдында мемлекеттік органдардағы бос орындар жойылады. Бұл туралы Қазақстанның Экономикалық дамыту және сауда министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы негізінде орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан 26 мың адам қысқартылады. Сондықтан бірінші кезекте мемлекеттік органдардағы бос орындар қысқартылады.

"Мемлекеттік органдардағы қысқартуды мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының шешімімен өздері жүзеге асырады," - делінген ақпаратта.
XS
SM
MD
LG